«Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле»: Белгілі блогер опасыздық жасаған күйеуі туралы жазба жариялады

Қазан 17, 2025 - 12:06
«Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле»:  Белгілі блогер опасыздық жасаған күйеуі туралы жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желі

Күйеуімен ажырасқан ақтаулық блогер оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Салтанат Аманқосқызы енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді. 

"Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім. Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім. Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Опық әбден жeдiм. Бoлap.

Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды. “Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің”, деп көзіне жас алған сәті… Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. “Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнiп, eкiнші рет шалыс бастым екен?!”, деген ой маза бермеді. Әкеме “енді тұрмыс құрмаймын” деп уәде бердім… 

Болары болды,
Бояуы сіңді", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, блогер екінші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтып, жазба жариялаған еді. 

Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді. 

"Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле екен. Ондай күйеудің барынан жоғы", "Жүрегім езіліп отыр, қандай ауыр", "Басынан ұнамап еді сол еркек", деді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Салтанат Аманқосова (@saltanat.a.e.pzds)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow