Танымал блогер Жанабыловтардың басына бұлт үйірілді

Қазан 16, 2025 - 12:41
Қазан 16, 2025 - 12:42
Танымал блогер Жанабыловтардың басына бұлт үйірілді
Фото: видеодан скрин

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) блогерлер Жанабыловтарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі («Заңсыз кәсіпкерлік қызмет») бойынша қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы Сенаттағы брифинг барысында ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

"Жанабыловқа қатысты материалдар Агенттікке түсті. ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта іс тергеу сатысында", - деді Елемесов.

Оның айтуынша, тергеу әлі бастапқы кезеңде, сондықтан істегі ақшалай сомалар туралы айтуға ерте.

"Жоқ, қазіргі сәтте тергеу енді ғана басталды", - деп нақтылады ҚМА өкілі.

Елемесовтің сөзінше, тергеу шамамен екі ай уақыт алуы мүмкін.

"Қазір нақты мерзімді айту қиын, бірақ шамамен екі айдың ішінде аяқталуы мүмкін деп ойлаймын. Біз бұған дейін 37-ден астам блогерге қатысты материалдарды уәкілетті органдарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберген едік. Ал Жанабыловтар өз кінәсін мойындаудан бас тартты және өтініш түсірді. Материалдар сотқа берілді, ал сот тергеуі барысында, мүмкін, қылмыстық жауаптылық белгілерін анықтауға негіз болған өзге фактілер табылған шығар", — деп түсіндірді ҚМА төрағасының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow