Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қаринды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Каринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Егер Президент өз міндеттерін атқара алмайтын жағдай туындаса, оның өкілеттігі уақытша вице-президентке өтеді. Одан кейін бұл міндет Құрылтай төрағасына, ал одан соң Премьер-министрге жүктеледі.
Ерлан Карин 1976 жылы Түркістан облысының Ақсу ауылында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты.
Әр жылдары Президенттің кеңесшісі және көмекшісі, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған. 2022 жылдың маусымынан бастап Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі болды. Бұл лауазым жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін таратылды.
2026 жылдың маусым айынан бері Ерлан Карин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0