Төрт мемлекеттің елшісі Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Ақордада төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сенім грамоталарын: Кувейт Мемлекетінің елшісі Адель Ахмед Сулайман Әл Гунайман, Моңғолия елшісі Гунаажавын Батжаргал, Монако Княздігінің елшісі Мирей Мартини, Эль-Сальвадор Республикасының елшісі Юрий Павел Сантакрус Пердемо тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді Президент елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатқанына тоқталды.
– 15 наурызда жаңа, мазмұны жағынан прогрессивті Конституция қабылдау бойынша референдум өтті. Біз «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Білім, инновация және жасанды интеллектіні өрістетуді мақсат еткен мемлекет болуды көздейміз. Биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Осы аса маңызды салада жетістікке жету үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деді Президент.
Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттер басшыларына ізгі сәлемін жолдады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0