Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Ақпан 4, 2025 - 00:16
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Екі көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға бүгін Кентау-Түркістан жол бойында болды. Кентау қаласына кіре беріс аумақта екі «Аudi» көлігі соқтығысқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктің бірі қарсы жолаққа шығып кетіп екіншісімен соғысқан. Апат салдарынан көлік өртеніп, 6 адам қайтыс болды. Ал, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қалалық орталық ауруханасына жеткізілді.

— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданады. Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады. Жолдарда абай болыңыздар, — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow