«Ұлттық - қор балаларға»: биыл 129 доллар түсті

Қаңтар 31, 2025 - 10:11
 0  49
«Ұлттық - қор балаларға»:  биыл 129 доллар түсті

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында балаларға төлемдер түсе бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламаға қатысатын балалардың 2024 жылға арналған арнайы шоттарына 129,38 доллардан түсті. Бағдарлама іске асырылғаннан бері 2 жылдағы бір балаға жалпы жинақталған сома 232,94 доллар болады.

Айта кетейік, kids.enpf.kz сайтынан балалардың шоттарындағы қаражатты тексере аласыз, ол үшін баланың ЖСН-ін енгізу қажет.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында алғашқы төлемдер 2024 жылы жасалған еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық балаларға 129 доллардан түсетіні хабарланды. Ұлттық банк "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылатынын мәлімдеді. 

Сондай-ақ барлық қатысушыға төленген жалпы сома 888,8 млн АҚШ доллары екені айтылды. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0