Жаңарқалықтар қазақтың Қыз Жібегіне ат мінгізді

Маусым 1, 2026 - 10:49
chat_bubble  0 visibility  3
Жаңарқалықтар қазақтың Қыз Жібегіне ат мінгізді
Фото: Ұлытау әкімдігі

Ұлытау облысының тұрғындары қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Көпшілікке «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек бейнесі арқылы кеңінен танылған өнер иесі Жаңаарқа ауданында өткен республикалық «Арқа аруы» байқауының құрметті қонағы болды.

Аталған мәдени шараны Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай өмірден өткен жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнап ұйымдастырған.

Салтанатты іс-шара барысында Ұлытау жұртшылығы қазақ өнерінің майталманы Меруерт Өтекешоваға ұлттық дәстүрге сай құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Бұл игі қадам жиналған қауым тарапынан зор қолдауға ие болып, өнерге және оның көрнекті өкілдеріне деген халықтың шынайы ықыласының көрінісі ретінде бағаланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0