Жетісайдағы өрт: Ауруханада жатқан 7 жасар бүлдіршін көз жұмды
Түркістан облысының Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды sadaq.kz.
"2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданында болған өрт салдарынан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы қыз көз жұмды. Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешенінің жүргізілуіне қарамастан, орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым келген қызды аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", – делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, өрттен қаза тапқан 13-ші адамның денесі жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізілді, бүгін сағат 12:00-де жаназасы оқылып, жер қойнына тапсырылды.
Бұдан бұрын Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болғанын жазған едік.
21 қараша күні 7 жасар жеткіншек Жетісайдан тікұшақпен Шымкентке жеткізілді.
Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен баланың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0