«Жұмабекті жұмса»: «Алисасы» істемей қалған Динара Сәтжан елден сөз естіді

Айта кетейік, 2026 жылғы 8–12 қазанда Яндекс сервистерінде ауқымды ақау тіркелді. Қазақстандықтар такси шақыру, тамаққа тапсырыс беру және басқа да қызметтерді пайдалануда қиындықтарға тап болған. Дауыстық көмекші «Алиса» жұмысына да іркілістер әсер еткен.

Қазан 13, 2026 - 10:10
 0  6
«Жұмабекті жұмса»:  «Алисасы» істемей қалған Динара Сәтжан елден сөз естіді
Фото: dinara.satzhan/instagram

Тележүргізуші Динара Сәтжан Яндекстің дауыстық көмекшісі «Алиса» жұмыс істемей қалғанын Threads желісінде жазды. Оның жазбасына желі қолданушылары әзілмен жауап беріп, Жұмабекті жұмсауға  кеңес берген,деп хабарлайды Sadaq.kz.

Динара Сәтжан «Алиса» жауап бермей қалғанын айтып, «Алиса да істемей тұр ма?» деген мазмұнда жазба жариялаған. Бұған жауап берген қолданушылардың бірі «Жұмабекті жұмса» деп әзілдеген.

Айта кетейік, 2026 жылғы 8–12 қазанда Яндекс сервистерінде ауқымды ақау тіркелді. Қазақстандықтар такси шақыру, тамаққа тапсырыс беру және басқа да қызметтерді пайдалануда қиындықтарға тап болған. Дауыстық көмекші «Алиса» жұмысына да іркілістер әсер еткен.

Яндекстің мәліметінше, компанияның деректер орталықтарының инфрақұрылымы зақымданып, сервистер жұмысында ақаулар туындаған. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0