15 жастағы қыз жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті

Қоштасу рәсімі кезінде туыстары табыт ішіндегі қыздың қимылдағанын байқап қалған

Қазан 13, 2026 - 10:26
 0  17
15 жастағы қыз жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті
фото: видеодан скриншот

Гватемалада 15 жастағы қызды жерлеуге дайындық кезінде оның тірі екені анықталған.

Жергілікті Prensa Libre басылымының хабарлауынша, қызды жерлеуге дайындық кезінде табыттың ішінде қозғалғаны байқалған.

Қыз есінен танып қалған соң әкесі оны ауруханаға алып бара жатқанда тынысы мен тамыр соғысын байқамаған. Сөйтіп қызы қайтыс болды деп ойлаған. Алайда дәрігер жасөспірімді тексермеген.

Қоштасу рәсімі кезінде туыстары табыт ішіндегі қыздың қимылдағанын байқап, оның сыртқа шығуына көмектескен.

"Жүрегім қатты ауырып, кеудемді ауырлық басты. Содан кейін есімнен танып қалғандай болдым", – деп сол сәтті еске алды Юлейди.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0