16 еркек 18 жастағы жігітке жабылған: Жәбірленушінің анасы тың деректерді айтты (ВИДЕО)

Қазан 14, 2025 - 11:48
 0  50
16 еркек 18 жастағы жігітке жабылған: Жәбірленушінің анасы тың деректерді айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Алматыда бір топ ер адамнан таяқ жеген жігіттің анасы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды.

КТК телеарнасының мәліметінше, Медицина университетінің студенті басынан ауыр жарақат алған.

Жәбірленушінің анасы Ақмаржан Ботбаеваның айтуынша, ұлы достарымен бірге кафеде демалып отырған. Оған 15-16 адам жабылған. Мұрыны сынған. Қазір нейрохирургияда жатыр. Беті мен мұрнына ота жасау қажет.

"Ұлымды басынан бір қойғанда ол есінен танып қалған. Кейін есін жиса, әлгілер ұлымның басынан теуіп жатқан. 15-16 адам, шамамен 35-40 жастағы еркектер жабылған",- дейді ол.

Күдіктілер ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Егер олардың кінәсі дәлелденсе бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0