«36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін»: Рамазан Амантай денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Қаңтар 17, 2026 - 13:05
Қаңтар 17, 2026 - 13:11
 0  4
«36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін»: Рамазан Амантай денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин

Танымал актер  Рамазан Амантай желідегі парақшасында денсаулығына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Актер шұғыл түрде өзін қолға алып,  арықтауға мәжбүр екенін айтты. Ол өзінің өзгеруге шешім қабылдағанын мәлімдеп, оңайға соқпайтынын жазды. 

«Егер дәл қазіргі сәттен бастап өмірімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Шегінерге мүлдем жол жоқ . Сіздерге уәде берейін, бермейін, оның ешқандай маңызы жоқ. Алдында бастап едің, тағы тастап кетесің деп айтсаңыздар да өз еркілеріңізде. Менде басқа амал жоқ. Дәрігерлерге тексерілдім, чекап өттім, аппаратқа тексерілдім. Нәтижесін көрген кезде егер дәл бүгінгі сәттен, бүгінгі күннен өз-өзімді қолға алмасам денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жарайды екен. Әрине, бәрі бір Аллаға аян. Өмірді беретін Алла. Бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық – Құдайдың аманаты. Сол үшін нар тәуекел! Өз-өздеріңізге қарап жүріңіздерші. Қалай жинап алғанымды өзім де білмеймін. Жинау оңай, салмақ тастау өте қиын. Жайылмаңыздар», - деді өнер иесі.

Актердің қазіргі салмағы – 161 келі. 70 келіге жуық артық салмағы бар.

Жаттықтырушысының айтуынша,  Рамазан  денсаулығына тезірек мән бермесе, кез келген уақытта инфаркт, инсульт алу қаупі бар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0