«Абырой-беделін төкпейік»: Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерманға қолдау білдірді

Шілде 16, 2026 - 11:29
app_badging Шілде 16, 2026 - 11:30
chat_bubble  0 visibility  12
«Абырой-беделін төкпейік»: Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерманға қолдау білдірді
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде ақын Жүрсін Ерманға қатысты қызу талқыланған видеоға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі Жүрсін Ерманның қазақ өнеріне сіңірген еңбегін ерекше атап, желі қолданушыларын асығыс қорытынды жасамауға  шақырды.

«Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?» – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ақын Жүрсін Ерман мен әнші Димаш Құдайбергеннің кездесу сәтінен видео тарап, көпшілік арасында түрлі пікірталас тудырған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0