Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

Желтоқсан 1, 2025 - 11:46
Желтоқсан 1, 2025 - 15:16
 0  4
Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды
Фото: aqorda.kz

Президенттің жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлім етті.

Балаеваның кандидатурасын Мәжіліс депутаттары қолдаған.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ал 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Ол әр жылдары Президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімін басқарды, ақпарат және қоғамдық даму министрі, сондай-ақ Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0