Ақмола облысында балықшы суға батып кетті

Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды

Қазан 14, 2026 - 17:27
 0  7
Ақмола облысында балықшы суға батып кетті
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға 13 қазанда Никольское ауылының маңындағы Жарлыкөл көлінде болған. Құтқарушыларға 1958 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Ер адам балық аулап жүрген. Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі табылып, судан шығарылды", – деп хабарлады құтқарушылар.

Алдын ала мәлімет бойынша балықшы суға батып кеткен. Іздестіру жұмыстарына

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар қатысты.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0