Ақмола облысындағы шахтадан екі адамның денесі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген.

Қазан 15, 2026 - 14:22
 0  8
Ақмола облысындағы шахтадан екі адамның денесі табылды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттердің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді полиция департаментінің өкілдері.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Степногор қаласында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы («Күзетілетін нысандарға заңсыз кіру») бойынша 322 адам жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ осы кезеңде жергілікті шахталарда тоғыз адам қаза тапқан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0