Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты

Тамыз 31, 2026 - 11:41
app_badging Тамыз 31, 2026 - 11:43
chat_bubble  0 visibility  3
Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин

Ақтау маңындағы Каспий теңізі акваториясында серуен катері жартасқа соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы ақпарат 30 тамыз күні кешке сағат 22:56-да түскен. Қайғылы жағдай 5А шағынауданы аумағында болған. Катер бортында жеті адам болған.

«Құтқару операциясы кезінде бес адам жағаға шығарылып, дәрігерлерге тапсырылды», – деп хабарлады Маңғыстау облысының ТЖД.

Алдын ала мәлімет бойынша, тағы екі адамда құтқару жилеті болмаған. Іздеу-құтқару операциясы барысында олардың денесі жағадан шамамен 500 метр қашықтықта судан табылды. Құтқарушылар қаза тапқандардың денесін судан шығарып алды.

Құтқару операциясына ТЖД-ның 35 қызметкері, төрт арнайы техника және төрт жүзу құралы қатысты.

Қазір апаттың  себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0