Ақтөбеде газ құю бекетінде жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Наурыз 3, 2026 - 09:56
Наурыз 3, 2026 - 10:01
 0  2
Ақтөбеде газ құю бекетінде жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)
Фото: ТЖМ

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында 3 наурызға қараған түні автогаз құю станциясының аумағында жерүсті резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Жарылыстың соңы өртке ұласты. 
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, автогаз құю станциясы Ақжар көшесінде орналасқан.
Хабарланғандай, өрт тез арада екінші жерүсті цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа тараған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге өңірлік ТЖД-ның 60-қа жуық жеке құрамы және 16 техника бірлігі жұмылдырылды.

Таңертең өрт толықтай сөндірілді, оның жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлады ТЖМ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0