Алаяқтарға алдаған жүздеген адамның несиесі кешірілді

Сәуір 11, 2025 - 15:01
Сәуір 12, 2025 - 17:32
Алаяқтарға алдаған жүздеген адамның несиесі кешірілді
Фото: дереккөз

Қарағанды облысында 247 азамат алаяқтардың арбауына түсіп, аттарына заңсыз рәсімделген несиелерден құтылды.

Бұл – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) табанды күресінің нәтижесі деп айтсақ болады.

2024 жылдан бастап ЖСДП елімізде кең етек жайған кибералаяқтықпен күресте белсенді әрекет етіп келеді. Бұл мәселенің ауқымдығын зардап шеккендердің санының тез өсіп жатқандығынан аныққ аңғаруға болады.

Аталмыш партия банктер мен қаржы ұйымдарының алаяқтық жолға тосқауыл қоя алмай аңдаусызда рәсімдеп жіберген несиелерді заң аясында кешіруді талап етіп келеді. Бұл бастаманы еліміздің Жоғарғы соты да қуаттап отыр. Заң орыны, «несие азаматтың қатысуынсыз рәсімделгені дәлелденсе, банк зардап шегушіден қаражат өндіру мен өзге де талаптарды қоюды тоқтатуы тиіс»,- деп көрсеткен. 

— 2024 жылдың қараша айының соңында біз Қарағанды тұрғындарымен кездестік. Бізге барлығы 290 адам шағымдарын айтып келді. Есептеуіміз бойынша жалпы шығын көлемі 1,6 миллиард теңгеден асты екен. Астанаға келген соң, 27 қараша күні мен Үкіметке арнайы депутаттық сауал жолдадым. Онда банк жүйесінің бұл мәселеге заң жүзінде жауап беруін талап еткен болатынмын, — деді партия төрағасы Асхат Рахимжанов.

Одан кейінгі міне бір неше күн бұрын, нақтырақ айтсқ 10 сәуірде зардап шегушілермен екінші рет кездесу болды. Алғашқыда партия мүшелерімен кездескен зардап шегушінің бүгінге дейін 247-сінің атына рәсімделген несиелер кешірілген екен. Дегенмен, жағдай әлі де күрделі.

Себебі топ жаңадан 164 жәбірленушімен толыққан. Алаяқтар халықтың сеніміне кіріп қалталарын одан бетер толтырып жатқаны анық. Осы жолы кездесуге келген әрбір тұлға өз еркінен тыс 1 миллионнан 19 миллион теңгеге дейін қарыз арқалап қалып отырған көрінеді. Партия ұйы мдастырған кездесуге құқық қорғау органдары, Қаржы нарығын реттеу агенттігі, Jusan Bank өкілдері де қатысты. 

Сонымен қатар, ұялы байланыс операторлары да арнайы шақырылған, Алайда байланыс операторлары бұл кездесуге қатысудан бас тартқан. Кездесуге келген азаматтардың сұрақтары көбінесе байланыс саласына қатысты болды. ЖСДП өкілдері де күмәнді (шетелдік, тіркелмеген, қайталанатын) нөмірлерден келетін қоңыраулардың мәселесі туралы бірнеше сауал да қоюды керектігін айтып отыр. Тағы бір маңызды мәселе – банктердің антифрод жүйелері. Жәбірленушілер қазіргі таңда өз атына қандай несие рәсімделгенін де біле алмай отыр. Тіпті кейбір азаматтарға "Қазтелеком" үй телефонына келген қоңыраулардың тізімі де берілмеген. Бұл – азаматтардың құқықтарының өрескел бұзылуы. ЖСДП бұл бағытта жұмысты ары қарай жалғастыра беретіндіктерін айтуда.

— Партиямыздың басым бағыттарының бірі — азаматтың кінәсіздігін дәлелдеу үдерісін жеңілдету және оның цифрлық құқықтарын қорғау. Егер мемлекет пен бизнес азаматты цифрлық жүйелерді пайдалануға міндеттесе, онда оның қауіпсіздігі де толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, азаматта әрқашан балама таңдау құқығы болуы қажет, — деді Асхат Рахимжанов.

Партия төрағасының айтуынша, бүгінде кейбір банктер өз қызметтерін тек өздерінің қосымшасы не картасы арқылы ғана көрсетеді.

Мысалы, адамның жалақысын шешіп алу үшін міндетті түрде банк қосымшасы болуы керек. Ал алаяқтар болса, адамның ЖСН-ін пайдаланып, оның атынан есепшот ашып, өз мақсаттарына қолдана береді. Бұл — «еріктен тыс дропперлік» деген жаңа әлеуметтік мәселеге айналып барады. 

Тағы бір күрделі мәселе – банктердің төлем қабілеті төмен азаматтарға миллиондап несие беруі. Атап айтар болсақ ай сайынғы табысы 100 мың теңгеден аспайтын адамға қалайша бірнеше миллион теңге несие беріледі? Демек бұл жағдайда банктіңтерге де күдікпен қарауға тура келеді. Рахимжановтың айтуынша, алаяқтардың сыбайластары тек банктерде ғана емес, байланыс операторларында да бар.

Бұл мәліметті құқық қорғау органдары да жоққа шығармайтыны анық. Қазіргі таңда ЖСДП фракциясы бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізуді табанды түрде қолға ала бастаған. Бүгінгі күні партия өзге саяси күштермен бірлесіп, кибералаяқтыққа қарсы заң жобасын дайындап жатыр.

Бұл бастаманы Мемлекет басшысы да қолдап, құжатты жедел түрде әзірлеуді тапсырып отыр. Қарағандыда - 10 сәуірдегі болған кездесуге келген азаматтардың үміттері зор. Олар осыған дейін алаяқтытардың құрбаны болған 247 адамның басындағы қуаныш өздерінде де боларына сеніп отыр. Сондықтан азаматтардың шынайы құрбан екендіктерін тездетіп дәлелдеп әділдікке қол жеткізуі біздің де мақсатымыз, — деп отыр партия төрағасы.

Кездесу соңында жәбірленушілер мен мемлекеттік орган өкілдері, банк қызметкерлерімен бірлікте мәселелерді бірлесіп шешуге келісті. Бұл — ортақ жеңіске бастар жолдың бастамасы ғана.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow