Алматы әуежайында жаңа туған нәрестені алып өтпек болған Қытай азаматтары ұсталды

Желтоқсан 1, 2025 - 15:52
Желтоқсан 1, 2025 - 15:59
 0  2
Алматы әуежайында жаңа туған нәрестені алып өтпек болған Қытай азаматтары ұсталды

Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған бірнеше сәби ұстаған қытай азаматтары ұсталды. Олар әуежай арқылы өз елдеріне ұшып кетпек болған.

Жолаушылардан балаларға қатысты құжаттар табылғанымен, шекарадан өткізуге рұқсат берілмеді. Арнайы тексерістен кейін шетелдіктер құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Оқиға 11 қараша күні болған.

Алматы қаласы полиция департаменті әуежайда Қытай азаматтарының ұсталғанын растады.

“Бұл факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0