Алматы-Бішкек тасжолында қаза тапқандардың арасында кәсіби спортшы бар

Желтоқсан 2, 2025 - 17:31
 0  9
Алматы-Бішкек тасжолында қаза тапқандардың арасында кәсіби спортшы бар
Фото: Facebook / Арсен Шакуов

Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шақуов Алматы облысында 7 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оның айтуынша, жантүршігерлік жол апатында жан тапсырған 7 азаматтың бесеуі спортшы — Сурдлимпиада ардагерлері болған. 

"Әкемнің жақын достары, Бішкек қаласында құлағында кемістігі бар ардагерлер арасындағы футбол турнирінен қайтып келе жатып, жол апатына ұшырады. Онда бірден 5 ардагер қаза тапты", — деді Арсен Шақуов.

Ол қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімін жариялады:

• Асыл Ибрайымов — есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.

• Дмитрий Мочальский — шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.

• Сәкен Смағұлов — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.

• Сергей Волковинский — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.

• Серік Молдашев — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0