Алматыда 70 жастағы зейнеткер әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды

Шілде 17, 2026 - 12:24
chat_bubble  0 visibility  7
Алматыда 70 жастағы зейнеткер әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күндіз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 70 жастағы әйел құлап кеткен. Ол алған жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны болғаны белгілі.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде және қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.

Қайғылы жағдайдың нақты себебі тергеу барысында анықталады. Марқұмның жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0