Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды

Тексеру кезінде әйелдің сөмкесінен калибрі 9 миллиметрлік тапанша мен бес патрон анықталған.

Қазан 15, 2026 - 10:18
 0  3
Алматыда  тапанша алып жүрген әйел ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Алматыда әйелдің сөмкесінен тапанша мен бес патрон табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Жетісу ауданында болған. Полиция қызметкерлері әйелді кешкі сағат 17:00 шамасында Райымбек даңғылының бойында ұстаған. Операцияны есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің мамандары жүргізген.

Тексеру кезінде әйелдің сөмкесінен калибрі 9 миллиметрлік тапанша мен бес патрон анықталған. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол тапаншаны оқиғаға дейін бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тапқан.

Қазіргі уақытта полиция оның сөзін тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0