Алматыда жеті жасар қызын өлтірген қоғам белсендісі 20 жылға сотталды

Наурыз 18, 2024 - 15:44
Наурыз 18, 2024 - 15:45
 0  150
Алматыда жеті жасар қызын өлтірген қоғам белсендісі 20 жылға сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбекке қатысты үкім шықты.

Сотталушының қылмыстық әрекеттері куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Прокурор ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындады.

«Сот үкімімен Балжан Тұрлыбек кінәлі деп танылды, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға қатысты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ»,- деп хабарлады соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, жеті жастағы қыз 2023 жылдың шілде айында кісі қолынан қаза тапқан еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0