Анталья-Астана рейсінде қазақтар мен украиналықтар жаға жыртысқан

Ақпан 14, 2025 - 17:30
Анталья-Астана рейсінде қазақтар мен украиналықтар жаға жыртысқан
Фото: Pixabay.com

Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана – Анталья бағытындағы рейсі шұғыл түрде Эрзурум қаласына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы хабарлайды sadaq.kz сайты TRTHaber порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ бортында украиналық ерлі-зайыптылар мен Қазақстаннан келген екі әйел арасында жанжал туындаған. Жоғары дауыспен басталған сөз таласы төбелеске ұласқан.

Оқиға салдарынан экипаж командирі ұшақты Түркияның Эрзурум қаласындағы әуежайға қондыру туралы шешім қабылдады.
Төбелеске қатысқан төрт адам ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өтті. Кейіннен олар қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, екі жақ бір-біріне шағым түсірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow