Арқалық қаласында ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерде санитарлық авиацияның ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әуе оқиғасының орын алуына қарлы боран себеп болған.
“Апат әуежай маңында, ауа райының қолайсыздығы салдарынан болды. Әуе кемесі Қостанай-Арқалық бағытында келе жатқан. Ұшақ бортында төрт адам, екі ұшқыш және екі дәрігер болған. Дабыл түскен соң оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен жедел-құтқару жасағы жөнелтілді”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?