Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды

Маусым 1, 2026 - 15:43
 0  7
Астанада көлік жарылысынан  зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды
Фото: Видеодан скрин

31 мамырда Астананың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінің бойында автокөлік өртеніп, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жарақаттанғандардың жағдайы туралы айтты. 

№1 көпбейінді қалалық ауруханаға және №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына 4 ересек адам мен 1 бала жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда. Пациенттерге қажетті медициналық көмектің барлық көлемі көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін елордалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын, содан кейін автокөлік отқа оранғанын хабарлаған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлік те зақымданған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0