Астанада тағы кран құлады, қаза тапқандар бар
Астанада кранның құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиға бүгін Қорғалжын тасжолында, №100 мектеп жанындағы салынып жатқан ғимарат маңында болды. Оқиға орнынан түсірілген фото мен видеоны Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар жолдады.
Елордалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.
Пациенттердің бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Зардап шеккен екінші адам стационарда қажетті медициналық көмек алып жатыр. Тағы бір адам оқиға орнында көз жұмды. Оның мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0