Астанада жүк көлігі қиылыста велосипедшіні қағып кетті
Астанадағы Тілендиев даңғылында жүк көлігі велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz. Салдарынан 35 жастағы ер адам ауыр жарақат алды.
Астана полициясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі Тілендиев даңғылымен келе жатып, жанармай құю бекеті бағытына оңға бұрылған. Осы кезде жаяу жүргіншілер өткелі арқылы велосипедтен түспей өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға байланысты полиция денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда барынша мұқият болуға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Велосипедшілер жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындауы қажет. ЖҚЕ талаптарына сәйкес, велосипедшілер жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтер кезде велосипедтен түсіп, оны жандарында жетектеп өтуге міндетті. Қозғалысты бастар алдында және жолды кесіп өтер кезде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізу қажет, – деп мәлімдеді полицияда.
Айта кетейік, соңғы уақытта Астанада мұндай оқиғалар жиілеп кеткен. 27 мамыр күні Байқоңыр ауданында велосипедпен келе жатқан бала жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0