Атырауда қызметінен қуылған полицияның экс-басшысы ұсталды

Сәуір 15, 2026 - 22:48
 0  12
Атырауда қызметінен қуылған  полицияның экс-басшысы ұсталды
Фото: gov.kz

Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақытбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ІІМ жүргізген жоспарлы қызметтік тексеру барысында басқарма басшысының заңға қайшы әрекеттері анықталған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен қызметтен босатылып, заңға сәйкес уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – деп мәлімдеді министрлік.

Сонымен қатар ІІМ мұндай шешімдер қызметтік тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ кез келген құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпау принципін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0