Атыраудағы бүтін бір отбасы өлімі: Сұлтан Сарсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ата-енесін және әйелінің бауырларын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сарсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Kazinform мәліметінше, үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина оқыды. Жәбірленуші тарапқа 40 млн теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.
Ол қауіпсіздігі ерекше түзету мекемесінде жазасында өтейтін болды. Істі қарау барысында отбасыға күйеубала есептелетін күдікті марқұмдарды қатігездікпен өлтіріп, бірнеше мәрте пышақтаған.
Алдымен қайынағасы Наурыз Мұқанғалиевті өткен жылдың мамыр айында өлтіріп, үй іргесіне көміп, кейін оның телефоны арқылы Наурыз болып ағайын-туыспен байланысып отырған.
Ал қараша айында күдікті бір пышақпен үш адамды өлтірген. Жангелдин ауылына барған кезде ата-енесі Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіріп, сарай ішіне көміп кеткен.Кейін Мейрамгүл Қарабалинаны Атырауда уақытша тұрып жатқан үйіне әкеліп, пышақ жарақатын салған. Салдарынан ол да көз жұмды.
Алғашында күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес (екі және одан да көп адамды өлтіру), сондай-ақ мал сату, карталарды жымқыру деректері бойынша осы кодекстің 188 және 190 баптары аясында қылмыстық іс қозғалған еді. Сотта мемлекеттік айыптаушы айыптау актісіне өзгеріс енгізді.
Атап айтқанда, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша ақпараттық жүйені немесе интернет желісін пайдалану арқылы жасалған алаяқтық дерегі қосылды. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, айыпталушы қаза болғандардың банк қосымшаларын пайдаланып, олардың қаражаты мен зейнетақысын иемденген. Сондай-ақ Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның өліміне қатысты айыпқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 10-тармағы (Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтіру) енгізілді.
Ал Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіру эпизоды бойынша айып ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3 тармағымен (дәрменсіз күйдегі адамды қасақана өлтіру) және 10-тармағымен (Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтіру) толықтырылды.
Бұған дейін тағылған 5 және 13-тармақ өзгеріссіз қалды. Бұған дейін Сұлтан Сарсемалиев қайынағасы Наурызды Мұқанғалиевті өзін қорғау мақсатында өлтіргенін айтқан болатын.
Алайда мемлекеттік айыптаушы бұл эпизод бойынша ұстанымын өзгертпей, қылмыс қасақана жасалған деген айыпты сол күйінде қалдырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0