Атышулы блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шығатын болды
Соттың қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді.
Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Заңгердің сөзінше, соттың қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді.
Айта кетейік, блогер Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.
"Көмегім дайын". Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбділдәға іздеу жариялады
Еске салайық, бұған дейін атышулы блогер Мұрат Әбділда түрмедегі өмірін айтып, алғаш рет сұхбат бергені хабарланған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?