Аятолла Әли Хаменеидің әйелі де қайтыс болды

Наурыз 3, 2026 - 15:00
chat_bubble  0 visibility  16
Аятолла Әли Хаменеидің әйелі де қайтыс болды

Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеидің әйелі Мансуре Ходжасте Бегерзаде көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz. ВВС-ге сілтеме жасап.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, ол Аятолла резиденциясына шабуыл жасалғанда ауыр жарақат алған.

Бұған дейін ирандық БАҚ Хаменеидің қызы мен күйеу баласының, сондай-ақ олардың баласының қайтыс болғаны туралы хабарлады.

«Жоғарғы Көшбасшының айналасындағы сенімді дереккөздермен байланыс орнатқаннан кейін оның қызы, күйеу баласы және немересінің шәһид болғаны туралы хабар расталды», – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Аятолланың алты баласы болды (екі қыз және төрт ұл).

Айта кетейік, Иранның жоғарғы басшысы, аятолла Әли Хаменеи АҚШ пен Израиль операциясы кезінде қаза тапты. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0