Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

Тамыз 28, 2026 - 15:10
app_badging Тамыз 28, 2026 - 15:35
chat_bubble  0 visibility  7
Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды
Фото: gov.kz

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ҚР Конституциясының 57-бабының І тармағына сәйкес, Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған төраға басқарады. 

Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны Президент ұсынған болатын. 

Құрметті депутаттар Конституцияға сәйкес, Құрылтай депутаты жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге депутат Дәдебай Айбек Арқабайұлы енгізіледі, – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Депутаттар осы мәселеге қатысты қаулы қабылдады.

Құрылтай төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижесін анықтау үшін Санақ комиссиясы құрылды. Санақ комиссиясының құрамына Құрылтайға өткен әр партияның өкілдері кірді.

Депутаттар комиссия құрылған соң жасырын дауыс беруге кірісті. 

Осылайша депутаттар жасырын дауыс беру арқылы депутат Айбек Дәдебай кандидатурасына жақтап дауыс берді.

Нәтижелері мынадай:
-    144 депутат жақтады
-    1 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Құрылтай төрағасының лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0