«Әйелі басқарады»: Төреғали Төреәлі туған күнінде қор ашқанын хабарлады

Қазан 15, 2025 - 12:16
 0  77
«Әйелі басқарады»: Төреғали Төреәлі туған күнінде қор ашқанын хабарлады
Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық бағытында жаңа қадам жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Төреғали Төреәлі табысының бір бөлігін жаңа «Кәусар» қорына аударып отыратынын айтты.

Журналист Айгүл Мүкей өзінің парақшасында бұл туралы былай деп жазды:

«Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған қорға аударуға шешім қабылдады.
Жаңа қордың атауы — «Кәусар».
Бұл қордың басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалардың емделуіне, дамуына және қоғамға бейімделуіне көмек көрсету.
Қордың жұмысын Төреғалидің жары Толқын басқарады», - деп жазды журналист. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0