«Азаматтығы жоқ»: Сатушы қызды өлтірген күдікті туралы тың дерек шықты

Қаңтар 27, 2025 - 11:44
Қаңтар 27, 2025 - 11:47
«Азаматтығы жоқ»: Сатушы қызды өлтірген күдікті туралы тың дерек шықты

Саран қаласында дүкендегі сатушы қызды 30 мың теңге үшін пышақтап кеткен ер адам 2 ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ер адамның ешбір елде тіркелмеген, азаматтығы жоқ екені белгілі болды. Қарағандыда құрылыс саласында жұмыс істейді екен. Үйленген. 

Ал оның адвокаты ол туралы ештеңе айта алмайтынын айтты. Адвокат күдіктінің азаматтығы жоқтығын қиын тағдырымен байланыстырды. Ол тіпті Қазақстан азаматтығын да алмаған. 

Қайғылы оқиға болған күні 50 жастағы күдікті Қарағандыдан Саранға таксимен келеді. Кейін такси жүргізушісіне уақытша телефонын тастап кеткен. Кейін ақша алып келіп, айырбастап алатын болған. Ол телефонын қайтару үшін дүкен тонауға шешім қабылдайды. Бірақ сатушыны өлтіретін ойы болмаған екен. 

Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow