«Балам біресе күледі, біресе жылайды, бір орында айналып жүреді» - ойын алаңында соққыға жығылған баланың анасы
«1001 түн» бағдарламасында ойын алаңындағы оқиғаны жәбірленуші баланың анасы баяндап берді, деп хабарлады Sadaq.kz «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Айтуынша, оқиға 29 қараша күні болған, бірақ ол бұл жағдайды бірден білмеген. Келесі күні көршілері баласының қатты жылағанын және оны ересек адамның ұрғанын айтқан. Осыдан кейін ғана ол бейнежазбаны көрген.
Тағы оқыңыз: Алматыда аулада жүрген бүлдіршінді теуіп құлатқан адам қамауға алынды
«Видеоны көргендегі күйімді сөзбен жеткізу қиын. Бұдан бөлек, сол екі күннің ішінде баланы ұрған адамның әйелі келіп, анамды қорқытқан. 80-ге жақындаған, екі рет инсульт алған анама «келіп мына жерден көшіп кетіңдер» деп қорқытқан. Ол кісі мен уайымдайды деп маған айтпаған. Ал мен жұмыстан келгенімде балам төсек тартып жатып қалған», - деді жәбірленушінің анасы.
«Белі, арқасында ауырсынулар бар, миы шайқалған. Шошынып қалған. Үйде жүргенде басқа бөлмеден шығып қалсаң, бала шошып кетеді. Психолог бала қатты шок алып қалған деді. Балам біресе күледі, біресе жылайды, бір орында айналып жүреді. Өз баламды өзім танымай отырмын», - дейді анасы.
Тіпті учаскелік полиция қызметкері де өзара ақшаға келісіңдер деген ұсыныс айтқан.
«Мен баламды жедел жәрдеммен ауруханаға алып бара жатқан жолда полиция тоқтатып жарты сағат бойы арыз жаздым. Мен ауруханадан үйге келгенімде учаскелік полицей «мүмкін ақшамен келісесіздер, олар сізге дәрілерін алып берсе, қалай қарайсыз» деді. Мен соңына дейін баратынымды, олардың бір тиыны керек емесін, баламның денсаулығы маңызды екенін айттым. Маған құқық қорғау органы өкілінің мына сөзі жүрегіме батты», - дейді ол.
Оның сөзіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
«Кешірім берудің қажеті жоқ», «Әйелі келіп әжесін құшақтап тұрған баланы нұқып тұрды, байының теуіп құлатқаны аздай! Екеуінен моральдық шығын өндірту керек! Ертең баланың жағдайы қандай болады, бір құдай білед!», «Әйеліде заң алдында жауап берсін. Балаға Аллам шипасын берсін», - деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0