«Баян мен Динарадан үлгі алған түрі ғой»: Бағдагүл емшіні келіні сотқа берді

Тамыз 27, 2026 - 16:57
app_badging Тамыз 27, 2026 - 17:05
chat_bubble  0 visibility  20
«Баян мен Динарадан үлгі алған түрі ғой»: Бағдагүл емшіні  келіні сотқа берді
Фото: Видеодан скрин

Танымал емші Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желідегі парақшасында келінінің сотқа бергенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Емші келінімен арадағы жағдайға қатысты жазба жариялады. Ол келінімен арада түсініспеушілік болғанын, бірақ оның сотқа жүгінгеніне таңғалғанын жеткізді. 

«Ақ келін “ деген пайдам.Сотқа беріпті!Бүкіл көрші-ағайын тумамды, достарымды ертіп барам бұйырса! Сол келінге қандай қиянат жасадым екен?» – деп жазды ол.

Келінінің жеті жыл бойы отбасында болғанын атап өтіп, арадағы мәселеге қатысты ойын ашық білдірді.

«Жеті жыл келін болғанда қандай мақсатпен жүргені анықталды! Өлі ақшаға тоймай жатсың ба? Алладан мен байлық емес, бақыт сұраған едім. Қателесіп кеттім-ау. Үй көрмей еңбек етіп жүрмін ғой. Адал нан жедім. Жұмсақ, жайлы төсекке анда-санда демалам, жолда жүремін. Бір «қой» дейтін үлкендері жоқ па? Адамгершілік деген болуы керек шығар. Масқара ғой! Бүгін жазығым – келіп заттардың ақшасын алуға рұқсат бермеді! Сол үшін сотқа шағым түсіріп отыр. Тып-тыныш ажырасып кетуіне болады. Дұрыс адам болсаң, егер де. Қазір заңды сылтау қылып, ақша алуға көшкен. Бұл да заманның ақыры болар! Кешегі Баян мен Динараның сотынан үлгі алған түрі ғой. Үйімізді сатып алысқа кетпесек, жағдайымызды қиындатар бұлар!»,– деді емші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0