«Берген қалың малымыз әңгіме болып кетіпті»: Жазира Байырбекова көпшіліктің сұрағына жауап берді

Сәуір 17, 2026 - 14:09
chat_bubble  0 visibility  1
«Берген қалың малымыз әңгіме болып кетіпті»: Жазира Байырбекова көпшіліктің сұрағына жауап берді
Коллаж: Sadaq.kz.

Танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы мен келінінің тойындағы  жөн-жоралғыларға қатысты көпшіліктің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әншінің сөзінше, құда-құдағилар арасында ақшаға, қалың малға қатысты келісім болмаған. 

«Келінімізге берген қалың малдың көлемі осыншалық әңгіме болып кетеді деп ойламадым. Әрқайсымыз сыйлықтарымызды өз қалауымызбен, шын көңілімізбен жасадық. Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес қой. Сол үшін ақшамен бағалаған дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100млн берсе де жігіттің ата-анасы шешеді деп ойлаймын»,– деді әнші.

Әнші қызға аз қалың сұрап, аз берсе реніш білдіретін ата-аналарды түсінбейтінін жеткізді. 

«Менің құдағиым менен ештеңе сұраған жоқ. Мен де артынан қандай дүние әкеледі демеймін. Әкелмесе де ештеңе етпейді. Бастысы балаларымыз бақытты болсын»,– деп жазды Жазира Байырбекова. 

Еске сала кетейік, әнші келінінің қалың малына 10 миллион теңге ұсынып, оған қосымша 300 мың теңге көлемінде сый-сияпат берген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0