«Бір ұзатылған қыз қайта ұзатылмайды ғой»: Асылхан Төлеповтың қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты

Актер Асылхан Төлеповтың қарындасы Айдана Төлепова екінші рет тұрмысқа шықты деп хабарлайды POLITICO.KZ
Айдана Төлепова бұрын тұрмыста болған. Алайда көп ұзамай ажырасып кеткен. Жақында сүйіктісі оған Түркияның Стамбул қаласында ұсыныс жасады. Ел-жұрты оны қайта ұзатып, шаңырағынан шығарып салды.
Оқырмандардың бірі бақыт тілесе, енді бірі сынға алуда.
"Тағдыр ғой енді қайтсын. Бағы ашылсын", "Бақытты болсын", "Түсінбедім өткен жылы ғана ұзатуын жасап еді ғой", "Екінші рет шығып жатыр ма?", "Мен таң қалам, бір ұзатылып, неғып қайта-қайта ұзатыла береді, әшейін құдалық жасаса да болады ғой, бір ұзатылған қыз қайта ұзатылмайды ғой", "Ұзатылу сән болды ғой"- деп жазды жұрт.
Сіздің реакцияңыз қандай?






