Дариғаның тағы бір құдасы президент болып жатыр
Берік Имашев бессайыс федерациясының президенті. Ал күйеу баласы Қазақстан футбол федерациясының президенті болып жатыр.
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды. Бұл туралы кезектен тыс өткен XXVII сайланбалы конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үміткерлер қатарында Марат Омаровтан басқа Ербол Қайыров, Алтай Даумов болды. Соңғы сәтте Давид Лория үміткерліктен өз еркімен бас тартқан болатын. Айта кетейік, Марат Омаровтың кандидатурасын Астана футбол федерациясынан ұсынды.
Сонымен қатар, Марат Омаров орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің күйеу баласы. Ал Имашев Дариға Назарбаеваның құдасы, сондай-ақ Имашев бессайыс федерациясының президенті.
Омаров «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк Британия университетін «Философия, саясаттану және экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Лондон экономика және саясаттану мектебін әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Марат Омаровтың еңбек жолы мемлекеттік органдар мен ірі ұлттық компанияларды қамтиды.
2012–2014 жылдары – Экономикалық даму және сауда министрінің, кейін Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2014–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департаменті директорының орынбасары.
2016–2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.
2017–2019 жылдары – «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ және «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы.
2019–2020 жылдары – «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Бәйтерек» холдингі басқарушы директорының орынбасары.
2020–2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.
Ал 2022 жылдан бастап – АЗРК төрағасы қызметінде болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?