Daryn.online: 4,2 миллион пайдаланушының деректері тарады деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Daryn.online платформасы әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында тараған 4,2 миллион пайдаланушының жеке деректері жария болды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Компанияның хабарлауынша, қазіргі уақытта 4,2 миллион пайдаланушының деректеріне нұқсан келтірілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қолда бар ресми мәліметтермен расталмаған.
Сондай-ақ Daryn.online 2025 жылы өзінің ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруінен өткенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша компаниядағы ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталатыны расталған.
Компания өкілдерінің айтуынша, пайдаланушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігі басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Осы мақсатта ақпараттық инфрақұрылымды қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық қауіпсіздік шаралары тұрақты түрде қолданылып келеді. Қазіргі уақытта мамандардың қатысуымен жан-жақты техникалық аудит жүргізіліп жатыр.
Компания аудит аяқталғанға дейін жарияланды делінген деректер базасының көлемі, құрамы немесе шығу тегі туралы кез келген ақпараттың нақты дәлелдермен расталмағанын мәлімдеді. Daryn.online тексеру аяқталғаннан кейін оның қорытындысы бойынша толық ресми ақпарат жарияланатынын хабарлады.
Сондай-ақ компания бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпаратқа сүйенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0