Рамзан Қадыровтың ұлы жол апатына түсіп, ауыр хәлде жатыр
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Грозный қаласында жол апатына ұшырап, ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы «Кавказ.Реалии» басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеме жасады.
Қазір Адам Қадыров – жан сақтау бөлімінде, ес-түссіз күйде жатыр. Осыған байланысты ауруханаға апаратын жолдар уақытша жабылған.
Оқиғаға қатысты ақпаратты шешен оппозициялық NIYSO қозғалысының Telegram-арнасы да таратты. Арнаның жазуынша, Қадыровтың кортежі әдеттегідей жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, күтпеген кедергіге тап болған. Соның салдарынан кортеждегі көліктер бір-бірімен соқтығысқан.
Мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы кезінде тағы бір жоғары лауазымды шешен шенеунігінің ұлы да зардап шеккен болуы мүмкін, алайда оның аты-жөні нақтыланбаған.
Аталған ақпаратты Шешенстан билігі әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0