Қанды түн: көршісі әжесі мен анасын өлтіріп жатқанда ұлы досынан көмек сұраған
Қызылордада көршісі әйелді және оның анасын пышақтап өлтіргені туралы жазған едік. Оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды. Қайғылы оқиға салдарынан бір ғана бала аман қалған, деп хабарлайды Politico.kz.
Қылмыс 8 қаңтарға қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім сол сәтте ерлікке пара-пар әрекет жасаған. Ол WhatsApp арқылы досына хабарлама жіберіп, әжесінің өлтірілгенін, ал анасын дәл сол сәтте өлтіріп жатқанын жазған. Өз сөзінің шын екеніне сендіру үшін бала бетіне қан жұққан суретін жіберіп, әзіл емес деп түсіндірген.
Қазір әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада күдіктінің ұсталған сәті көрсетіледі. Әйелдің мәйіті жатқан бөлмеден оның ұлы шығып, полиция қызметкерлеріне болған жағдайды қатты күйзеліс пен абыржу үстінде айтып береді.
Күдікті оқиға орнында ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол – қаза тапқан әйелдердің көршісі.
Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0