Қарағанды облысында екі мотоцикл соқтығысып, жүргізушілері қаза тапты
Қарағанды облысының Ақадыр кентінде екі мотоцикл соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Құрбандардың бірі – 17 жастағы жасөспірім. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Шет ауданында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 16 сәуір күні кешке Ақадыр кентінде болған. Бір бағытта келе жатқан екі мотоцикл соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші – 37 жастағы ер адам мен 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0