«Қашып бара жатып, қайта келіп 2-3 мәрте пышақ сұққан»: Нұрайдың ағасы оқиғаны толық баяндап берді

Қаңтар 15, 2026 - 14:04
Қаңтар 15, 2026 - 14:24
 0  3
«Қашып бара жатып, қайта  келіп  2-3 мәрте пышақ сұққан»:  Нұрайдың ағасы оқиғаны толық баяндап берді
Фото:  Qaz365.kz 

 Qaz365.kz тілшісі Нұрай Серікбайдың ағасы Сағымбек Әлімжанмен сұхбаттасты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Қазалы болып отырған менің Бауыржан деген інім. Оның қызы көз жұмды. Сол менің де қызым еді. Ол кісінің аты — Сағымбек Бауыржан болса, менің аты-жөнім — Сағымбек Ғалымжан. Бұл жағдайды бір шарадан келіп, демалып жатқанда естідім. Жасым 60-тан асып кетті. Жол жүру де оңай емес. Солай бері қарай келгенше түнгі сағат 2-ден асып кетті. Келсем келінім, бәрі талып жатыр. Інім жылап-еңіреп отыр. Заң органдарынан сұрайтыным — айыпты әділ жазасын алса екен. Қазақта «Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер» деген сөз бар. Жазасы берілсін», — деді марқұмның ағасы.

Сағымбек Әлімжанның айтуынша, оқиға болған түні үйде тек Нұрай мен анасы ғана болған. Ол торт пісіргісі келіп, дүкенге  ұн алуға сыртқа шығып, қаза тауып отыр. 

«Екі баламызда да сол баланың көлігімен келіп отырғанын айғақтайтын дәлел бар. Телефонға видеоға түсіріп алған. 015 Hyundai Mufasa дейтін көлік. Оқиға болған күні әкесі ауысымдық (вахта) жұмысқа кеткен. Қызымыз, оның анасы, ағасы үшеуі үйде болған. Кешке ағасы жұмысқа кеткен. Содан кейін болып отыр ғой», — деді Сағымбек Әлімжан.

Ағасы молдамен бірге мәйітке ақ кебін кигізуге кіргенде мәйіттің жарақаттарын көргенін айтты. Марқұм Нұрайдың тамағы және беті тілінген. Күретамырына пышақ тиген. Нұрайды анасына қатты шошынып қалмасын деп көрсетпедік дейді.  Қайғыдан қан жұтқан ана осылайша соңғы рет қызымен қоштаса да алмаған. 

«Қызымыздың мәйітін әкелген соң салт-дәстүр бойынша жуамыз деді. Молда екеуміз кіріп көріп едік, бет-аузының бәрін тілгіштеп тастаған. Мойны, беті тілінген. Мойнындағы күретамырға пышақ тиген. Денесінің алды-артынан пышақ ұрған. Өзім жеті жарақатты ма, көрдім... Арт жағынан пышақпен қанша жарақат салғанын білмеймін. Бас салып, пышақты ұра берген. Ары қарай денесін ашқызбадым. Мәйітханадағы кісілер жуып-тазалаған екен. Сыртынан кебінін кигізіп, шығарып салдық. Қыздың анасына, яғни келініме қорқасың деп көрсетпедім. Өзім де ұл-қыз өсіріп отырмын. Мынадан кейін біздің Қазақстанда өмірден қорқайын дедім. Ауылымызда да осындай 1-2 жағдай болған. 2-3 жылдан кейін шығып кеткендерді де көріп жатырмыз», — Сағымбек Әлімжан.

Ол Аймахан Шерханның бірнеше мәрте пышақ сұғып қашып бара жатып, қайта айналып келіп тағы 2-3 мәрте пышақ сұққанын айтты.

«Қашып бара жатып, қайта айналып келіп тағы 2-3 мәрте пышақпен ұрған. Соншама жауыздың істейтіндей біздің қызымыз оның әке-шешесіне тіл тигізді ме? Талай алып қашқан қыздар қалауы жоқ болса, көнбей кетіп жатыр деп айтып отырмын ғой. Жүректің қалауынсыз ешкім ешкімді байлап бермейді ғой. Пышақты сол жерге тастап кеткен дейді. Мен оны нақты білмеймін. Нақты пышақтың сыртқы қынабы қалған», — деді Сағымбек Әлімжан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0