«Қайда қарап отыр?!»: Қарақат Әбілдина лифтідегі оқиғаға ата-аналарды кінәлады

Танымал әнші Қарақат Әбілдина астаналық жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағанға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Айта кетейік, оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде болған. Жантүршігерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
“Мына жағдайға жүрегім ауырып отыр. Не деген сұмдық мынау?! Басы істемейтін осындайлардың тайраңдап жүруіне неге рұқсат береді. Тыйым салу керек еді. Ата-ана, заң қайда қарап отыр?! Бес жасар балақайдың не жазығы бар?! Сөзім жоқ менің. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздаршы”, – деп жазды әнші.
Одан кейін, Астанада бес жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірім тағы бір қызға тиіскені анықталды.
Кадрларда жасөспірім лифт жабылуына жол бермей, қыздың кетуіне кедергі келтіргені көрінеді. Ол пышақты шығарып, балаға кеземек болады. Бірақ ол бірдеңеден сескеніп, пышақты тықпайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






