Қазақ өнерінің «алтын бесігі» Жамбыл атындағы филармонияның құрылғанына бүгін 91 жыл толды

Қаңтар 14, 2026 - 17:57
Қаңтар 14, 2026 - 18:55
 0  1
Қазақ өнерінің «алтын бесігі» Жамбыл атындағы филармонияның құрылғанына бүгін 91 жыл толды

Ұлттық музыка өнерінің киелі ордасы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының құрылғанына биыл 91 жыл толды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

1935 жылы 14 қаңтарда бұл қара шаңырақтың іргетасын қалаған, кәсіби биікке көтерген — көрнекті ғалым, композитор әрі дирижер Ахмет Жұбанов. Оның жетекшілігімен сахнаға Дина Нұрпейісова, Ғарифолла Құрманғалиев, Рүстембек Омаров сынды ұлттық музыканың аңыздары шықты. 1938 жылы мекемеге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі беріліп, содан бері бұл есім өнердің биік стандартына айналды.

Бүгінде филармония дәстүрлі өнерді заманауи форматтармен байытып келеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылы филармония құрамында тұңғыш рет Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті жұмысын бастады. Бұл — ұлттық мекеменің әлемдік музыкалық трендтерге ашықтығының көрінісі.

Филармония ұжымы нар тұлғалар салып кеткен жолды лайықты жалғастырып, ұлттық кодты дәріптеуді тоқтатпақ емес.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0