Қазақстан Ирандағы жағдайға байланысты өз ұстанымын білдірді

Наурыз 2, 2026 - 21:36
 0  1
Қазақстан Ирандағы  жағдайға байланысты өз ұстанымын білдірді
Egemen.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sadaq.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің Ресми өкілі Ерлан Жетібаев соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, балалардың және Иранның жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан аймақтағы шиеленістің ушығуына терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды сабырға шақырды.

"Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Біз өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тарапты барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз," — деді Ерлан Жетібаев өзінің ресми мәлімдемесінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0