Қазақстанға Моңғолия президенті келеді

Сәуір 17, 2026 - 14:27
 0  10
Қазақстанға Моңғолия президенті келеді
Фото: mongolnews.kz

20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады. 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

#RES2026 БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.

Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0